"Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

"Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Фото: urker-awards.kz

Бүгін "Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Сыйлық 10 номинация бойынша табысталып, жеңімпаздар 1 миллион теңге сыйақыға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үркер-2022" байқауының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты: Ая Өміртай - Halyq-uni.kz

Жылдың үздік репортажы: Анар Қоныс - Aikyn.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал: Наима Нұрәлі - Halyq-uni.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қазбек Құттымұратұлы - Egemen Qazaqstan республикалық газеті

Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова - "Маңғыстау" газеті

Халықаралық тақырыптағы үздік материал: Сауле Исабаева - Qmonitor.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Zakon.kz

Радиостанциядағы үздік жоба: "Ой-түйін" - Qazaq radiosy

Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тәжқұранов - Zakon.kz

Үздік өңірлік БАҚ: Saryarqa samaly газеті

Арнайы жүлделер:

Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба): Әйгерім Бегімбет - Еrnur.kz
Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба): "Қырғыз әдебиеті" жобасы  - "Таң-Шолпан" журналы
Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба): Қали Сәрсенбай - "Ана тілі" газеті

Айта кетейік, "Үркер" сыйлығы 2017 жылдан бері баспа, радио және интернет-журналистикадағы үздік жұмыстарға, редакцияларға беріліп келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек