"Қазақстан" деген жазуы бар жалаңаш қыздың суретіне қатысты жаңа дерек пайда болды

"Қазақстан" деген жазуы бар жалаңаш қыздың суретіне қатысты жаңа дерек пайда болды

Желіде мекемелердің бірінің дәретханасындағы "Қазақстан" деген жазуы бар жалаңаш қыздың суреті қызу талқыға түскен еді. Бұл оқиға Көкшетаудағы барлардың бірінде болған. Мекеме әкімшілігі өкілдері Instagram-парақшасында осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазбада бұл әрекет белгісіз адамдардың қолынан шыққаны, мекеме қызметкерлерінің оған қатысы жоғы айтылады.

"Кеше біздің мекемеде өрескел оқиға болды. Ол бүкіл Қазақстан халқының намысына тиді. Әсіресе, ұлттық мереке күндері. Белгісіз адам немесе белгісіз адамдар біздің мекеменің дәретханасында еліміздің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сурет салған. Бірден айта кетейін, біздің ұжымның бірде-бір қызметкерінің бұл қылмыстық әрекетке қатысы жоқ. Қазір құқық қорғау органдары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, кеше біздің мекемеде болған және осы оқиғаға қатысты бір нәрсе көрген адамдардан мына нөмірге жазуын сұраймыз: +7 708 444 1333.

Тағы бір нәрсе. Осы әрекетті жасаған адамға айтарымыз - іс-әрекетің дұрыс деп ойласаң, ел алдына шығуға шақырамыз. Бізге немесе құқық қорғау органдарына кел. Өзіңді тапқанға дейін", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от БАР | МЯТА | КОКШЕТАУ (@myatalounge_kokshetau)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова