Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылданды

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылданды

Сенат депутаттары қаңтар оқиғаларына қатысушыларға "Рақымшылық жасау туралы" заң қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қабылданған заңға сәйкес, қаңтар оқиғаларына қатысушылардың бір бөлігі босатылады, енді бірінің қамау мерзімін қысқарады, қажет болған жағдайда жұмысқа орналасуға және баспанаға көмектеседі.

Сенатор Ләззат Жаңылысқызы "Рақымшылық туралы" заң жобасының нормаларында қазақстандықтарды қылмыстық теріс қылықтары мен ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін жазадан босату көзделетінін атап өтті. Мұндай қылмыстар үшін жазасын өтегендерден соттылығы алынады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағандарға: ауыр қылмыстар үшін - сот тағайындаған мерзімнің төрттен үшіне, ал аса ауыр қылмыстар үшін - жартысына қысқарту көзделген.

Заң жобасында босатылатын адамдарды қайта әлеуметтендіру - жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету және құжаттарды ресімдеу көзделген.

Ал террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық, азаптаулар жасаған, қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина