- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Электрон темекінің басты...
Электрон темекінің басты қаупі айтылды
Луисвилл университетінің ғалымдары электрон темекінің жүрекке қалай әсер ететінін зерттеді. Зерттеу нәтижесі Nature Communications журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұмыс барысында ғалымдар вейпингке қажет сұйықтықтың екі танымал түрін зерттеген, олар: никотинсіз пропиленгликоль және өсімдік глицерині немесе никотин қосылған хош иісті сұйықтық. Авторлар аэрозольдің барлық түрін жұтқан кезде сынақ жануарларының жүрек соғысы темекіні шегу кезінде баяулағанын анықтаған. Ал ментол дәмі бар немесе пропиленгликольден жасалған сұйықтықтар қарыншалық аритмия және басқа жүрек ауруларын тудырған.
Нәтижесінде зерттеушілер электрон темекінің аз уақыт әсерінің өзі белгілі бір химиялық заттардың әсерінен жүрек соғысын тұрақсыздандырып, жүректің жұмысына әсер етуі мүмкін деген қорытынды жасаған. Салдарынан бұл жүрекшелердің немесе қарыншалардың фибрилляциясы мен жүректің кенеттен тоқтап қалу қаупін арттыруы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина