WhatsApp желісінде ақау шықты
![WhatsApp желісінде ақау шықты](/userdata/news/news_73616/image_l.jpg)
WhatsApp желісінде ақау шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Downdetector сайтының мәліметінше, мессенджерде ақау Астана уақытымен сағат 13.00-ге қарай басталған. Қазір WhatsApp арқылы хабарлама жіберу және оны қабылдау мүмкін емес.
Хабарламаларды жіберу проблемалары мессенджердің мобильді нұсқаларында да, веб-нұсқаларында да байқалады.
Downdetector сайтында мессенджер жұмысына шағымданушылар саны артқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова