- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанмен шекарадағы әскери...
Қазақстанмен шекарадағы әскери қоймада жарылыс болды
Қазақстан шекарасына жақын маңда орналасқан әскери қоймада жарылыс болды, - деп хабарлайды Podrobno.uz.
Әлеуметтік желілерде Өзбекстанның Сырдария облысында болған жарылыстың видеосы тарады.
Өзбекстан Қорғаныс министрлігі бұл оқиға 22 қазанда сағат 4.55-те Малик елді мекеніндегі (Қазақстанмен шекарадан бірнеше ондаған шақырым жерде) Қорғаныс министрлігі қоймасында болғанын хабарлаған. Министрлік бұл қоймада не сақталғанын, сондай-ақ, жарылысқа не себеп болғанын әлі нақтылаған жоқ.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде таралған видеоларда қатты дыбыс естіледі. Қоймаға жақын орналасқан үйлердің терезелері сынған, кейбір пластикалық құрылымдар қираған. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова