Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото: elements.envato.com

Желіде қазақстандықтарға өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалып, депозит бойынша мөлшерлемені көтеруді ұсынатыны туралы хабарлама тараған. Әңгіме барысында Желі қолданушысының нөміріне SMS арқылы код жіберіледі екен. Ал оны "банк қызметкеріне" айтуы керек. Бұл - банк шотын анықтауға бағытталған алдау әрекеті, - деп хабарлайды Stopfake.kz

Телефон алаяқтары клиенттерге банк қызметкерлері ретінде жиі хабарласып, әртүрлі "көмек" ұсынады. Алайда бұрын олар адамдарды шын мәнінде, жоқ несиелермен қорқытып келсе, енді керісінше депозит мөлшерлемесін көтеруді ұсынады. Ал алдау схемасының мәні өзгермейді: оларға шоттағы қаражатты алуға мүмкіндік беретін SMS-код қажет.

ForteBank өкілдері жинақты қалай қорғау керегін айтып берген.

"Қауіпсіздік мақсатында сіздерден басқа тұлғаларға ЖСН, төлем картасының нөмірін, қосымшаға кіруге арналған парольді, картаның CVV-кодын, картаның қолданылу мерзімін, код сөзді, құпия сұраққа жауапты, сондай-ақ, SMS-кодтарды және басқа да дербес ақпаратты айтпауыңызды сұраймыз. Өзіңіз сенбейтін күдікті сайттарға өзіңіз туралы ақпарат жазбаңыз. Құрылғыға AnyDesk/TeamViewer сияқты қашықтан басқаруға арналған қосымшаларды орнатпаңыз. Барлық қолма-қол ақшаны бір картада сақтамаңыз. Егер Желіде жиі сатып алумен айналыссаңыз, онлайн сатып алу сомасына белгіленген шектеулі лимиті бар бөлек картаны ашуды ұсынамыз", - дейді банктің клиенттерді қолдау қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова