Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның "сүйіктісімен" бірге жүрген видеосы пайда болды

Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның "сүйіктісімен" бірге жүрген видеосы пайда болды
Фото: TikTok

Желіде белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Ержанов жұп екені туралы түрлі қауесет тараған еді. Жақында ғана олар Instagram-парақшаларында бірге түскен суреттерін жариялады. Ал TikTok-та екеуі бірге жүрген видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

@kxmnst77 #рек ♬ Про любовь - Xcho

Желі қолданушылары оларға бақыт тілеген.

"Күшті жұп, бақытты болсын", "Қызғанып кеттім ғой Ғазретті", "Ғазретке ұқсайды екен жігіті", - деп жазған пікір білдірушілер.

Айта кетейік, Ғазрет Ержанов - актер. Ол "Жарық", "Арнайы өкілдер", "Таиландтағы демалыс" секілді фильм және сериалдарға түскен. 

Еске салайық, бұған дейін Кәмшат Жолдыбаева сүйіктісімен суреттерін ресми жариялағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова