"Ерекше қасиеті бар". Қымыз қыздыратыны рас па?

"Ерекше қасиеті бар". Қымыз қыздыратыны рас па?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақтың ұлттық сусындарының бірі - қымыз. Бие сүтінен дайындалатын қымыз құрамында дәрумен мол екені белгілі. Түркі халықтарына тән бұл табиғи сусын туралы ел арасында кездесетін түрлі аңыз, дерек бар. Тіпті "қымыз қырық ауруға ем" екені де айтылады. Осындай деректің бірі - қымыздың адамды қыздыратын әсері туралы жиі айтылатын әңгіме. Massaget.kz тілшісі сүт өнімдерімен айналысатын кәсіпкер Жарқын Байділдәқызымен сұхбаттасып, қымыздың қасиеті туралы сұрады.

Қымыз қалай дайындалады?

Alashainasy басылымының мәліметінше, қымыз ішкендерді тексеруден өткізгенде, орта есеппен 3,5 пайыздық мөлшерді көрсетеді екен. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйеніп, қымыздың дайындау жолына шолу жасасақ, бұл сусын ашытылып әзірленетінін байқауға болады. Кең кездесетін әдістің бірі - алдымен қымыз қорын дайындау. Ол үшін бие сүтіне малта салып ашытылады. Кейін үстіне жаңа сауылған сүт құйып, пісіп отырады. Яғни сапырған сайын араласып, ашу процесі жүргізіледі екен. Қымыз дайындауда күбі, саба сияқты ыдыстарға аса мән берілген.

ruh.kz

Өмір тәжірибесінен...

Алматы облысында сүт өнімдері кәсібімен айналысатын Жарқын Байділдәқызы өз тәжірибесінен мысал келтіріп, қымыздың ерекше қасиеті барын айтты.

"Шынында да, қымыз адамның физикалық күшін жақсартады. "Қыздырады" деуге болатын шығар. Оның құрамында жыныс гормондарына әсер ететін ферменттер бар, одан бөлек жүрек соғысын жиілетіп, адамның қан тамырын тазалайды", - дейді кәсіпкер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кұрт|Молочные продукты|Алматы (@jarkyn_milk)

"Жолдасым - инфакрт алған кісі. Дәрігерлер оған өмір бойы дәрі ішу керегін айтқан еді. Бұл кәсіпке келгеніміздің бір себебі осы жолдасымның денсаулығы болды. Ауырған кезде ағзаны қалыпқа келтіру үшін қымыздың пайдасы мол. Жолдасым алты ай төсек тартып жатты. Сонда бірыңғай саумал ішті. Қазір сиыр сүтінің өнімдерін тұтынамыз. Құдайға шүкір, қазір жолдасымның жағдайы жақсы", - деп түйіндеді ол әңгімесін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова