БҚО-да былтыр мас күйде ұсталған шенеунік қайтадан ауыл әкімі болып тағайындалды

БҚО-да былтыр мас күйде ұсталған шенеунік қайтадан ауыл әкімі болып тағайындалды

Былтыр мамырда Орал-Атырау тасжолында Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының әкімі Ауған Әлмұрзин мас күйде көлік айдап келе жатқан кезінде ұсталған болатын. Шенеунік мас болған, бұл медициналық тексерістен кейін расталды. Ал жақында экс ауыл басшысы жаңа ауылға әкім болып тағайындалған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Былтыр Әлмұрзин этика кеңесінің шешімімен қызметінен босатылып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. 

Ал жақында Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтында төрт ауыл әкімі сайлаудан өтіп, Ауған Әлмұрзин Көшім ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған. 

Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Жүзбатырдың айтуынша, Ауған Әлмұрзин ауыл тұрғындарының сайлауы арқылы тағайындалған. 80 пайызға жуық тұрғын дауыс берген. 

"Иә, расында ол жұмыстан қуылған, бірақ бұл беделін түсіретін факт емес. Ол ауыл әкімі қызметінен босатылғаннан кейін екі айдан соң мемлекеттік қызметкер тестінен өтіп, Янайкино ауылы әкімдігіне бас маман болып жұмыс істеді. 12 жылдай Көшім әкімдігінде жұмыс істегендіктен, ауыл тұрғындарының өтінішімен ол кандидат ретінде ұсынылды. Орталық сайлау комитеті қарсы келетіндей ештеңе таппады", - дейді аппарат басшысы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина