Ердоған Қазақстанды "ата-бабамыздың жері" деп атады

Ердоған Қазақстанды "ата-бабамыздың жері" деп атады

Астанаға сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанды "ата-бабаларымыздың жері" деп атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ата topraklarımızda... ("Бабалар жерінде")", - деп жазды Түркия басшысы Instagram парақшасында Қазақстан астанасы түсірілген суретке.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Recep Tayyip Erdoğan (@rterdogan)

Еске салайық, Түркия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен сәрсенбі, 12 қазанда Астанаға келді.

Сол күні Ердоған Тоқаевпен екіжақты кездесуге қатысты, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысында болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова