- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазір басым бос,...
"Қазір басым бос, болашақ жар болатын адам іздеп жатырмын". Дәурен Айдарқұлов тағы үйленгісі келеді
Актер Дәурен Айдарқұлов Instagram-парақшасында бұрынғы әйелдерімен қандай қарым-қатынаста екенін, өзі тағы шаңырақ көтергісі келетінін айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Отбасылық өмірдегі қателіктерімды бөлісуді бастамас бұрын, мен қазір болып жатқан жағдайды сипаттағаным дұрыс болар деп шештім. Сонымен мен туралы бірнеше дерек:
1. Мен ата-анаммен бірге тұрамын;
2. Бірінші және екінші бұрынғы әйелдеріммен араласып тұрамын. Қарым-қатынасымыз жақсы.
3. Екінші некедегі балалар ата-анаммен, яғни бізбен бірге тұрады. Бұл Ақбота екеуміздің уақытша, ортақ шешіміз. Мен де, ол да сапарда жиі боламыз, киноға түсеміз, сол себепті бұл шешім ең дұрысы болды. Ата-анам мен Әйгерім қарындасыма үлкен рақмет айтқым келеді! Алла сіздерге разы болсын!
4. Бұрынғы әйелдерімнің біріншісі де, екіншісі де бізге қонаққа келіп тұрады, балалармен бірге жиі болып тұрады.
5. Бірінші және екінші некедегі балалар жиі келіп тұрады, БІРГЕ ойнайды! Әлхамдулиллаһ! Әр некедегі балалардың бірге өсіп, бір-бірін сүйіп, бағалай білуі маңызды! Осы жерде мен бірінші және екінші бұрынғы әйелдеріме түсіністікпен қарағандарына РАҚМЕТ айтқым келеді. Мұндайға барлығы бара бермейді!
6. Бірінші некедегі балалар біздің үйге жақын жерде тұрады. Бұл үшін бірінші әйеліме ерекше алғыс айтқым келіп тұр: ол Астанадан көшіп келгеннен кейін біздің үйге жақынырақ пәтер сатып алуды шешті.
7. Қазір басым бос, болашақ жар болатын адам іздеп жатырмын", - деп жазды актер парақшасында.
Желі қолданушылары актердің былай ашылғанына таңғалып, түрлі пікір қалдырған.
"Желіде ойын ашық жазу ерлік қой", "Адал жар нәсіп етсін", "Бақытты болыңыз", "Мен ешкіммен қосылмай-ақ балаларымды өсірер едім", "Енді екі рет ажырасқанын айтып, курс өткізейін деп жатыр ма?" - деп пікір қалдырған Желі қолданушылар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек