"Екінші әйелі". Кинодағы ролінен кейін өмірде бас қосқан атақты әртістер

"Екінші әйелі". Кинодағы ролінен кейін өмірде бас қосқан атақты әртістер
Фото: islam.kz

Әртістер арасында ғашығын, өмірлік жарын өнерден табу жиі кездесіп жатады. Кино әлемінде де дәл осындай махаббат хикаясы үнемі болады. Тіпті Қазақтың Қыз Жібегі мен Төлегені атанған Меруерт пен Құман Тастанбеков те бір-бірін кинодан тапқаны белгілі. Massaget.kz тілшісі шетел киноиндустриясында жұбын өнерден тапқан танымалдарға шолу жасады.

"1001 түннен" басталған махаббат хикаясы

halitergencresmi Instagram-парақшасынан

Түркияда өмірдегі серігін өнерден тапқан танымалдар аз емес. Соның ішінде бір сериал немесе фильмге түсіп, кейін отбасыға айналғандар қатары көп. Осындай жұптың бірі қалың көпшілікке "1001 түн" сериалы арқылы жақсы таныс - Халит Эргенч мен Бергюзарь Корель. Екеуі де Түркияның ең танымал әртістері. Бұл қатарда "Великолепный век" сериалы да бар.

Халит Эргенч ең алғаш "Черный ангел" сериалында дебют жасаған. Оның кино әлеміндегі әрі өмірдегі жұлдызын жаққан туынды "1001 түн" сериалы болған. Актер осы сериалға түскен Бергюзарь Корельмен шаңырақ көтерген. Алайда бұл - оның екінші некесі. Ол алғашында Гизем Сойсалдимен отау құрған. Олар 2007 жылдан 2008 жылға дейін бір жыл бірге тұрған. Ашық дереккөз мәліметтерінде, олардың ажырасуы оңай болмағаны айтылады, өйткені Эргенч Сойсалдиге 180 мың доллар төлеген. 

Халит пен Бергюзарь жұбына қатысты қызық не белгілі?

- Бергюзар Корель - Халит Эргенчтің екінші жұбайы. Халит Эргенч бұрын үйленген.

- Бергюзар Корель Халиттен 12 жас кіші. Бергюзар Корель 1982 жылы дүниеге келген, жасы 40-та, ал Халит Эргенч 1970 жылы туған, 52 жаста.

- Олардың тойы 2009 жылы тамызда болған. Тойда барлық ұлттық дәстүр сақталған, оған 350 адам қатысқан.

- Ашық дереккөз деректеріне сүйенсек, олар мейрамханада кездейсоқ кездесіп қалған. Алайда "1001 түн" сериалы олардың басын қосқан. Бірнеше айдан соң олар жұбын жазбай бірге жүрген әрі мұны көпшіліктен жасырмаған.

- Сұхбаттарының бірінде Халит Эргенч әкесі секілді бірнеше рет үйленуге қорқатынын жеткізген, ал Бергюзар екеуін тағдырдың өзі қосқанын айтқан.

- Олар "Менің Отаным - сен" атты сериалға да бірге түскен. Ал бұл туынды 2016 жылы жарыққа шыққан.

- Олардың үш баласы бар: Али және Хан есімді екі ұлы және Лейла есімді қыздары.

berguzarkorel Instagram-парақшасынан

Ұзақ жылға созылған махаббат оқиғасы

burakozcivit Instagram-парақшасынан

Түркияда ғана емес басқа елдерде танымалдылыққа ие болған Бурак Озчивит пен Фахрие Эвдженнің жұбы да көпшілікке жақсы таныс. Олар "Бозторғай" сериалында танысқан. Бұл кезде актер Джейлан Чапамен, ал Фахрие бұған дейін танымал актер Озджан Денизбен жұп болған. 

Бурак пен Фахрие "Любовь похожа на тебя" атты фильмге де бірге түскен. Осы жобадан кейін екеуі де бойдақ болған. Алайда ұзақ уақыт бойы жұп болмаған. Ашық дереккөз мәліметтерінше, 2015 жылы ғана фильмнің тұсаукесеріне қол ұстасып бірге келген. 

Бұл жұп туралы қызық не белгілі?

2017 жылғы наурызда Бурак Озчивит пен Фахрие Эвдженнің құдалығы өткен. Сол жылы маусымның соңында олардың үлкен үйлену тойы өткен. Ал той Босфор бұғазы жағалауындағы виллада болған. Ал тойға 500-ге жуық адам, оның ішінде өнердегі әріптестері мен жақындары қатысқан. Ашық дереккөз мәліметтерінде тойда Фахрие үш образбен шыққаны, ал тойдан кейін олар Малдив жағалауына кеткені айтылады. 

evcenf Instagram-парақшасынан

2019 жылы жұлдызды жұп ұлды болды, ал тұңғыштарының есімін Каран деп қойған. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та босанғаннан кейін Фахрие салмақ қосқаны туралы ақпарат жиі жазылып жүр. Актрисаның өзіне де осындай сұрақ жиі қойылады. Бірақ ол үнемі әзілмен жауап береді.

evcenf Instagram-парақшасынан

Кинода танысқан атақты жұптың тарихы

neslihanatagul Instagram-парақшасынан

Танымал әртістер Кадир Догулу мен Неслихан Атагюль де кинода, яғни "Два лица Стамбула" сериалының түсірілімінде танысқан. Сериалда екеуі де басты рольді сомдаған. Кейін кинодағы ғашықтық өмірдегі жағдайға ұласқан. Олар осы жоба біткен соң үйленетінін жариялаған.

Кадир мен Неслихан жұбы туралы қызық не белгілі?

Олар 2016 жылы шаңырақ көтерді. Ашық дереккөз мәліметтерінде тойға 200-дей адам келгені айтылады. Неслихан тойда екі образ ауыстырған. Кадир Неслиханнан 10 жас үлкен. Ол 1982 жылы дүниеге келген, 40 жаста. Ал Неслихан 1992 жылғы, 30 жаста. Өнерлі жұптың шаңырақ көтергеніне 6 жыл болған, алайда әлі бала сүймеген. Бұл сұрақ оларға журналистер тарапынан да жиі қойылады. Алайда ол да әрқашан әзілмен жауап береді.

Кадир мен Неслихан ұзақ жылдан кейін биыл "В конце ночи" (Gecenin Ucunda ) атты сериалға түскен.

neslihanatagul Instagram-парақшасынан

Чу Сан Ук пен Чха Йе Рен

Сурет: www.k-pop.ru

Дорамада танысқан атақты корей әртістері де көп. Соның бірі - Чу Сан Ук пен Чха Йе Рен. Олар 2015 жылы "Великолепное искушение" атты сериалда бірге ойнаған, ал 2017 жылы шаңырақ көтерді.

Олардың тойы Grand Walkerhill қонақүйінде өткен, бұл кешке ерлі-зайыптының жақын адамдары келген.

Бәрінің сүйіктісіне айналған "Потомки солнца" сериалындағы жұп

Сурет: topkpop.ru

Корей киноиндустриясындағы ең танымал жұп - Сон Хе Ге мен Сон Джун Ки. Алайда бұл жұп айырылысып кетті. Дегенмен көптің сүйіктісіне айналған жұп туралы БАҚ-та тараған қызық деректерді жинап көрдік. 

2015 жылы сәуірде олар "Потомки солнца" сериалындағы рольдеріне бекітілді. 2016 жылы туынды көрерменге жол тартты. Кейінірек жанкүйерлері олардың қолындағы бірдей білезікке назар аударды. Алайда бұл қауесет жоққа шығарылды.

Сурет: www.k-pop.ru 

Осылайша, олар сол жылы қазанда шаңырақ көтерді. Ал неке қию салтанаты Сеулдегі The Shilla қонақүйінде өткен. 2019 жылы маусымда Джун Ки ажырасуға арыз бергенін мәлімдеді. Сон Хе Ге де компаниясы арқылы олардың мінездері үйлеспегенін айтты. 

Хен Бин мен Сон Е Джин

Сурет: www.yesasia.ru

Кореяда ғана емес Орта Азия елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да халықтың көңілінен шыққан әртістер Хен Бин мен Сон Е Джин өмірде де шаңырақ көтерген. 

Олар қарым-қатынасы туралы 2020 жылы растаған. Алайда бұл ақпарат 2018 жылы "Переговоры" сериалынан кейін шыққан еді. Бірақ ол кезде жалған екені айтылды. Бір жылдан кейін екеуі "Аварийная посадка любви" сериалына да бірге түсті. Олар 2022 жылы сәуірде шаңырақ көтерді.

Ал маусымда Сон Е Джин оқырмандарына қуанышты жаңалық жеткізіп, аяғы ауыр екенін айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 손예진 (@yejinhand)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова