Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген көліктердің бүгінгі жағдайы қандай?

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген көліктердің бүгінгі жағдайы қандай?
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Айыппұл тұрағы әкімшілігі өкілдері қаңтарда Алматы көшелерінде атылған көліктердің жағдайын айтты. Қаңтардағы оқиғалар кезінде бүлінген көліктер әлі күнге дейін арнайы автотұрақта тұр. Содан бері 9 айға жуық уақыт өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Олар әлі де сол күйде. Иелері келіп, беруін сұрайды. Бірақ тергеу жүріп жатқанда, бере алмаймыз. Мұны полиция мен прокурорлар шешеді. Қаулы шыққаннан кейін ғана береміз", - деді айыппұл тұрағы әкімшілігі өкілдері.

Айта кетейік, Алматыда өртенген және атылған 140 көлік айыппұл тұрағында тұр. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 47 көлік өртеніп, 48-і атылған, ал 17-сі қарақшылық шабуылға ұшыраған. 40 автокөлік құқық қорғау органдарына тиесілі болды, оның ішінде автозактар мен жүк көліктері де бар. Көкжиектегі айыппұл тұрағынан "Гелендваген", "Лексус" және "Мерседес", сондай-ақ, лаңкестер басып алған әскери жүк көліктерін байқауға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова