- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер...
Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген көліктердің бүгінгі жағдайы қандай?
Айыппұл тұрағы әкімшілігі өкілдері қаңтарда Алматы көшелерінде атылған көліктердің жағдайын айтты. Қаңтардағы оқиғалар кезінде бүлінген көліктер әлі күнге дейін арнайы автотұрақта тұр. Содан бері 9 айға жуық уақыт өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Олар әлі де сол күйде. Иелері келіп, беруін сұрайды. Бірақ тергеу жүріп жатқанда, бере алмаймыз. Мұны полиция мен прокурорлар шешеді. Қаулы шыққаннан кейін ғана береміз", - деді айыппұл тұрағы әкімшілігі өкілдері.
Айта кетейік, Алматыда өртенген және атылған 140 көлік айыппұл тұрағында тұр. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 47 көлік өртеніп, 48-і атылған, ал 17-сі қарақшылық шабуылға ұшыраған. 40 автокөлік құқық қорғау органдарына тиесілі болды, оның ішінде автозактар мен жүк көліктері де бар. Көкжиектегі айыппұл тұрағынан "Гелендваген", "Лексус" және "Мерседес", сондай-ақ, лаңкестер басып алған әскери жүк көліктерін байқауға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова