Саша мен Мишаның қазақ тілінде сөйлесуі жұртты тәнті етті

TikTok-та екі орыс жігітінің қазақ тілінде сөйлеуі Желі қолданушыларын тәнті етті. Tengri Lifestyle редакциясы видео авторымен сұхбаттасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok-қа 35 жастағы кәсіпкер Аманжан Анапин жүктеген. Ол досы Александрмен Ақтөбеден Алматыға форумға қатысуға келген. Форум өткен жерге жақын маңайда кофе сататын дүңгіршек болған. Ол жерде Аманжан мен Александрға Михаил есімді орыс жігіті қазақ тілінде қызмет көрсеткен. Саша мен Мишаның диалогы келесідей болған:

"Екі капучино бере салшы маған"

"Қандайын?"

"0,5, екеуін"

"Қантпен?"

"Қантпен емес. Қантсыз" 

"Екеу иә?"

"1900 теңге"

"А, жарайды, QR-мен төлеуге бола ма?"

"Иә"

@amanzhan_anapin #россияневказахстане #казахстан ♬ оригинальный звук - amanzhan_anapin

Роликке 15 мыңға жуық адам лайк басып, 1231 пікір жазылған. 

"Тілімізді құрметтеп жатқандарыңызға рақмет", "Жарайсыңдар, жігіттер", "Керемет, сөзім жоқ", - дейді Желі қолданушылары. 

Аманжан Анапиннің сөзінше, ол Александрмен біраз жылдан бері таныс. Александрдың жасы 29-да, қазақ тілін мектепте үйреніп алған. Екеуі де Ақтөбеде тұрады.  

"Бариста жігіттің есімі Михаил. Видео тез тарап кетті, көбі жағымды пікір жазып жатыр", - дейді Аманжан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!