Министр балтамен ұсталған ресейліктер қалай жазаланғанын айтты

Министр балтамен ұсталған ресейліктер қалай жазаланғанын айтты
Фото: видео кадры

Шекарадан өту ережесін бұзған Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Шекараны заңбұзушылықпен кесіп өткендер сот шешімі бойынша Қазақстаннан шығарылып, құзырлы органдарға тапсырылды", - деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, ұсталғандар балта алып жүрген.

"Оларда қару емес, балта болған", - деді ІІМ басшысы.

Еске салайық, 25 қыркүйекте шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті бақылау-өткізу бекетін айналып өтіп, шекараны кесіп өтпек болған үш ресейлік ұсталған болатын. Тәртіпбұзушылар өз әрекетін Ресей Федерациясында жарияланған мобилизациямен байланыстырған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан