- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында 10-ға...
Атырау облысында 10-ға жуық көлік су астында қалды
Атырау облысында Каспий теңізіндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 10-ға жуық көлік су астында қалды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқырмандар көліктерді су басып жатқан видеоны бөлісті.
ТЖМ ресми өкілінің сөзінше, оқиға 3 қазанда Атырау облысындағы Исатай ауылынан 40 шақырым жерде болған.
"Қатты екпінді жел салдарынан ("Қазгидромет" РМК деректері бойынша секундына 23 метрге дейін) су деңгейі көтерілді, салдарынан 10-ға жуық көлік (иелері - балықшылар, аңшылар) ішінара су астында қалды, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі басылды, автомобиль иелері осы учаскеден кетіп қалды", - деді Иманқұлов тілшіге.
Айта кетейік, ТЖ департаменті қарсаңында облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтілетіні туралы ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.
"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан ауа райына байланысты ескертулерге назар аударуды, құтқарушылардың ұсыныстарын басшылыққа алуды және көлік құралдарын су қоймаларына жақын қалдырмауды сұрайды", - деді ТЖМ өкілі Руслан Иманқұлов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина