25 қазан - Республика күні: Тоқаев заңға қол қойды

25 қазан - Республика күні: Тоқаев заңға қол қойды
Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.  

Еске салайық, биыл Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн демалады. 

Ол биыл сейсенбіге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыға өзгеріс енгізу ұсынылды. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланып отыр.

Сонымен, қазақстандықтар қазанның 23-25 күндері демалады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина