- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейліктер қандай жағдайда...
Ресейліктер қандай жағдайда елден шығарылуы мүмкін?
Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімов мобилизация салдарынан Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер қандай себеппен елден шығарылуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шетел азаматтары көші-қон заңнамасын бұзғаны, көші-қон заңнамасына сай келмейтін құқық бұзғаны үшін не жазасын өтегеннен кейін қылмыс жасағаны үшін қосымша жаза түрінде елден шығарыла алады. Елден шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды.
Шетелдік азаматтар бірнеше жағдайда елден шығарылуы мүмкін:
- Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде елден кетуден жалтарған жағдайда;
- Еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру;
- Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекетке байланысты.
Сонымен қатар, шетелдіктер бір жыл ішінде екі немесе одан да көп, көші-қон заңнамасына сай келмейтін құқықбұзушылық жасағаны үшін азаматтық-құқықтық тәртіппен елден шығарылуы мүмкін. Заңгер бұл кез келген құқықбұзушылық, соның ішінде әкімшілік құқықбұзушылық болуы мүмкін екенін түсіндірді. Мысалы, шетелдік азамат дұрыс емес жерде жолды екі реттен артық кесіп өтсе, жол-көлік оқиғасына кінәлі болса немесе қоғамдық көлікте жол ақысын төлемесе (622-бап "Қоғамдық қалалық және қала маңындағы көлікті пайдалану ережелерін бұзу"), сот шешімі бойынша ол елден шығарып, одан әрі осында тұруға рұқсат берілмеуі мүмкін.
"Азаматтар Ресей Федерациясына экстрадициялау тәртібімен де қайтарылуы мүмкін, бірақ қылмыс жасағаны үшін уәкілетті органдар іздеуінде жүргендер ғана. Қайтаруға басқа себеп жоқ", - деп толықтырды заңгер.
Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін шетелдіктер сот шешімі бойынша жазаны өтеуге түзеу мекемелеріне жіберілуі мүмкін.
Заңгер 2020 жылы ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты шетелдіктерді көші-қон полициясында міндетті тіркеу жойылғанын, сондықтан Қазақстанда шетелдіктер үшін тіркеусіз бір айдан аса тұрғаны үшін жауапкершілік көзделмегенін атап өтті.
Заңгер Қазақстанда рұқсатсыз тұруын жалғастыратын Ресей азаматтарына 90 күн өткеннен кейін заңсыз тұру мерзіміне қарай түрлі жазалар қолданылатынын атап өтті.
- үш тәулік ішінде - ескерту жасау;
- үш тәуліктен жоғары, бес тәулік өткенге дейін - 10 АЕК (31 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу;
- 10 тәулік өтуіне бес күннен аса уақыт болғанда - 15 АЕК (47 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу.
Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған жағдайда, 25 АЕК (шамамен 79 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза не Қазақстан шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
Еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін сот тәртіпбұзушыға 25 АЕК (шамамен 79 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға не Қазақстанның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге үкім шығаруы мүмкін.
Бір жыл ішінде қайталап заң бұзған жағдайда 15 АЕК (47 мың теңге) көлемінде айыппұл тағайындауы немесе Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова