Ресей бүкіл Донецк облысын жаулап алғысы келеді - Кремль

Ресей бүкіл Донецк облысын жаулап алғысы келеді - Кремль
Фото: © Reuters

Ресей бүкіл Донецк облысын жаулап алғысы келеді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дмитрий Песков әскери науқан Ресей Украинаның кем дегенде Донецк облысының шығыс бөлігіне толық бақылау орнатқанға дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Қазір Ресей әскері Украинаның шығысындағы Донецк облысының шамамен 58 пайызын бақылауына алған.

Еске салайық, бұған дейін Путин Украинаның төрт облысында "халықты құтқарғысы келетінін" айтқаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова