Мусин электрон құжатқа қол қоятын жаңа тәсілді айтты

Мусин электрон құжатқа қол қоятын жаңа тәсілді айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда электрон цифрлық қолтаңбаны қолдану ыңғайсыз екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Шындығында, ЭЦҚ бәрімізді шаршатқанын мойындаймын. Оны бір жерге барып алу керек, арнайы қосымшаларды орнату керек, тағы басқасы... Бұл Цифрлық даму министрі ретінде маған ұнамайды. Сондықтан, осында отырған адамдардың арқасында QR кеңінен қолданыла бастады. EGov Mobile-ды ашып, жай QR қолтаңбасы арқылы QR кодты көрсетіп, қол қоюға болады", - деді министр.

Мусин ЭЦҚ-ны сақтаудың, флэш-дискке, компьютерге жазып алудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Электрон қолтаңбаны шынын айтқанда, адамдар әлі де түсінбейді. Қанша қол қою керек, тағы қаншасын шығару керек, қанша рет халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару керек, сондықтан QR қолтаңбасын қолдану бірден өз әсерін береді, сонымен қатар, ол жаңадан бастаған кәсіпкерлерге де, өнеркәсіп және технологиялық платформалар үшін де пайдасын тигізеді. Өйткені адамнан ЭЦҚ талап етілмейді, оның қалай және қай жерде берілгеніне көз жеткізудің қажеті болмайды", - деп түйіндеді сөзін министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова