"Тек әкем екеуміз". Қазақстандықтар Ресейге ұшқан бос ұшақты талқылап жатыр

"Тек әкем екеуміз". Қазақстандықтар Ресейге ұшқан бос ұшақты талқылап жатыр

Қазақстандықтар Ресейге ұшқан бос ұшақтың видеосын таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Роликтің авторы белгісіз. Онда ер адам ұлымен бірге Ресейге ұшып бара жатқанын айтады, бірақ қайдан келе жатқанын нақтыламайды. Екінші видеода бос ұшақ көрсетіледі. Ролик кейіпкері "бүкіл ұшаққа тапсырыс бергенін" айтады.

Кейбір Желі қолданушыларының айтуынша және БАҚ мәліметінше, ұшақ Қазақстаннан шыққан. Алайда, кадрлар мен орындықтарға қарағанда, бұл - S7 Airlines авиакомпаниясының борты. ААК ақпараты бойынша, бұл авиакомпания Қазақстаннан Ресей Федерациясына жолаушы тасымалдамайды. Қазақстаннан Ресейге ұшатын ұшақтар арасында Qazaq Air, SCAT, "Россия", "Азимут", Red Wings және UTAir бар.

Telegram-арналардың бірінде S7 Airlines рейсі Бішкектен Иркутскіге ұшқаны жазылған. Бортта екі жолаушы болған, бұл рейс 26 қыркүйекте Airbus A320 ұшағымен орындалған. Жалпы, үш билет сатып алынған.

"Басқа күндері көбірек болған (70-100 авиабилет сатып алынған). Авиакомпания бұл рейсті (S7 6320) 20 қыркүйектен бастап іске қосты. Кестеде ол сейсенбі және сенбі күндері тұр, бірақ осы аптада қосымша дүйсенбі мен бейсенбіде болады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова