Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады?
Фото: elements.envato.com

Қазан айында Республика күніне байланысты қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы құжат "Ашық" НҚА сайтында жарияланды.

"Биыл "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына 25 қазанды - ұлттық мейрам Республика күні ретінде енгізу жоспарланған. Ол биыл сейсенбіге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыға өзгеріс енгізу ұсынылды. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланып отыр", - делінген құжатта.

Сонымен, қазақстандықтар қазанның 23-25 күндері демалады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина