Путин Украинаның төрт облысында "халықты құтқарғысы келетінін" айтты

Путин Украинаның төрт облысында "халықты құтқарғысы келетінін" айтты
Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік әскер басып алған Украинаның төрт аймағында "халықты құтқарғысы келетінін" айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Референдум өтіп жатқан аумақтардағы халықты құтқару... біздің бүкіл қоғам мен елдің назарында", - деді Путин.

Еске салайық, бұған дейін Украинаға соғыс басталғаннан бері 802 тұтқын қайтарылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова