Шетелдік көліктерді заңдастыру: жаңа деректер айтылды

Шетелдік көліктерді заңдастыру: жаңа деректер айтылды
Фото: TengriNews

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара - шетелдік автокөліктерді заңдастыру.

Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан аса шетелдік автокөлік бар. Оның барлығы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен - Ресей, Армения, Қырғызстан және Беларусьтен әкелінді (99 пайызы).

"Көліктерді Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең - заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең - барлық қажет құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу", - деді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек