Ресейдегі атыс: қаза тапқандар саны айтылды

Ресейдегі атыс: қаза тапқандар саны айтылды
Фото: ВКонтакте / izhevskgdegaistoyat

Ресейдің Ижевск қаласындағы атыс салдарынан он адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый канал" сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, қаза тапқандардың бесеуі 15 жасқа дейінгі балалар, қалғаны ересек адамдар. Тағы жеті адам зардап шеккен.  

Оқиға орнында өңірдің жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. 

Бұған дейін он адам зардап шеккені туралы хабар түскен. Оның ішінде төрт адам зардап шеккен, қалғаны қаза тапқан.  

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз біреу мектепте атыс шығарғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина