Ресейде тағы атыс: белгісіз біреу мектепте оқ жаудырды

Ресейде тағы атыс: белгісіз біреу мектепте оқ жаудырды
Фото: Mash

Ресейдің Ижевск қаласында белгісіз біреу мектепте атыс шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, оқиға 26 қыркүйекте Ижевскідегі №88 мектепте болған. Бүгінде оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланып жатыр.  

"Известия" әзірге зардап шеккендер жоғын хабарлады. Алайда Telegram-арналардағы хабарларда үш бала зардап шеккені айтылды. Куәгер оқушының бірі қара киіммен жүрген белгісіз ер адам ғимаратқа басып кіріп, атыс шығарғанын айтты. 

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, оқ бір балаға тиген. 

Ал "Пятый канал" мәліметінше, төрт бала зардап шеккен. Бір адам - мектеп күзетшісі қаза тапқан. 

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Усть-Илимск қаласындағы әскери комиссариатта атыс болғаны хабарланған еді. 

Күдікті ғимарат ішіне кіріп "ешкім соғыспайды" деп, алдын ала мәлімет бойынша, әскери комитеттің бастығы Александр Елисеевке алты рет оқ атқан. Оқиға видеоға түсірілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина