2ГИС қосымшаның App Store-дан жойылғаны туралы пікір білдірді

2ГИС қосымшаның App Store-дан жойылғаны туралы пікір білдірді
Фото: Tengrinews.kz

2ГИС компаниясы қосымшаның App Store-дан жойылғаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2ГИС AppStore-дан өшірілді, бірақ орнатылған қосымшалар сол қалпында жұмысын жалғастырады-деректер күн сайын жаңартылады, бұрынғыдай қосымшадан кез келген қаланы жүктеуге болады. 2ГИС-ті Google Play-ден жүктей аласыздар.

iPhone иелеріне арналған негізгі кеңес - бұрын орнатылған 2ГИС қолданбасын өшірмеу. Телефоныңызды ауыстырған болсаңыз, онда 2gis.ru сайтын пайдаланыңыз, жұмыс үстеліне 2ГИС белгішесін орнатыңыз", - деді компанияның баспасөз қызметі.

Компания мәселені шешудің жолын табуға уәде берді және пайдаланушылардан 2ГИС жүйесіне кез келген жолмен тіркелуді сұрады.

Бұған дейін БАҚ App Store-дан 2ГИС-тің жойылғаны туралы хабарлаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек