Мәулен Әшімбаев көшіп келіп жатқан ресейліктер туралы пікір білдірді

Мәулен Әшімбаев көшіп келіп жатқан ресейліктер туралы пікір білдірді
Фото: t.me/uralskweek_kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ресейліктер аз мөлшерде келіп, тұруға ықтиярхат сұрай алады. Ресейліктер келіп, кейін кеткісі келсе, біраз уақыт осында қандай да бір іспен айналысқысы келсе, ешқандай сұрақ туындамауы керек, біз шектеу қоя алмаймыз", - деді Мәулен Әшімбаев.

Ол барлық көші-қон мәселесі тиісті заң бойынша реттелетінін баса айтты.

"Азамат Қазақстанның мемлекеттік органдарына келіп, тұруға ықтиярхат сұраса, онда дайындауы тиіс құжаттар тізімі бар. Бұл құжаттардың ішінде ол адам келген мемлекеттің келісімі туралы тармақ бар. Бұл біздің заңдарда анық жазылған. Мемлекет азаматқа кетуге рұқсат бермей, бірақ ол бір амалын тауып келсе, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды. Келісім - бұл кету парағы, оған қол қойылған болуы қажет және мөрлері болуы керек", - деді Сенат спикері.

Еске салайық, бұған дейін Желіде мобилизация туралы әзілдер тарап жатқаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова