- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресейде мобилизация жарияланды....
Ресейде мобилизация жарияланды. Бұл не білдіреді?
Ресей президенті Владимир Путин бүгінгі жарлығында елде ішінара мобилизация жариялады. Ол нені білдіреді? Massaget.kz тілшісі түсіндіреді.
Ресейде ішінара мобилизациялау туралы жарлық мынадай:
1. 2022 жылғы 21 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясында ішінара мобилизациялау жариялансын.
2. РФ азаматтарын РФ Қарулы Күштеріне жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыруды жүзеге асыру. Мобилизациялау кезінде әскери қызметке шақырылған адамдар келісімшарт бойынша Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілер мәртебесіне ие болады.
3. РФ ҚК-де мобилизациялау бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтардың ақшалай қамтылым деңгейі келісімшарт бойынша РФ ҚК-де әскери қызмет өткеретін қызметшілердің ақшалай қамтылым деңгейіне сәйкес келеді деп белгіленсін.
4. Әскери қызметшілер жасаған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттар, осы жарлықта белгіленген негіздер бойынша әскери қызметшілерді әскери қызметтен босату жағдайларын қоспағанда, ішінара мобилизациялау кезеңі аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.
5. Ішінара мобилизациялау кезеңінде әскери келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілерді, сондай-ақ, Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде мобилизациялау бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босатудың келесі негіздерін белгілеу:
- жасы бойынша - әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенде;
- денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрігерлік комиссия әскери қызметке жарамсыз деп тануына байланысты, әскери қызметін жалғастыруға ниет білдірген әскери қызметшілерді қоспағанда;
- бас бостандығынан айыру үкiмiн тағайындау туралы сот үкiмi заңды күшiне енуiне байланысты.
РФ үкіметіне мынадай тапсырмалар берілді:
- ішінара мобилизация жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру;
- ішінара мобилизация кезеңінде РФ Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерінің, әскери құралымдары мен органдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет шараларды қабылдау.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудің айтуынша, мобилизация студенттер мен оқып жатқандарға қатысы жоқ.
"Әскерге шақырылған қызметкерлер де жұмылдырылмайды, олар арнайы операция аумағына жіберілмейді. Ресейдің мобилизация әлеуеті зор. Бізде соғыс қимылдарына қатысқан, қызмет еткен адамдар көп. Бұл 25 миллион адам. Жұмылдыруға алынғандардың бәрі оқудан және қайта даярлаудан өтеді. Осыдан кейін ғана олар тапсырмаларды орындауға барады", - деді Шойгу.
Ресей резервтегі 300 мың адамды шақырады екен.
@massaget.kz #ресей#россия#казахстан#қазақстан#путин#мобилизация#новости#жаңалық#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш