"8,8 миллион адам жұмысбасты". Қазақстандықтар аптасына қанша уақыт жұмыс істейді?

"8,8 миллион адам жұмысбасты". Қазақстандықтар аптасына қанша уақыт жұмыс істейді?
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда аптасына 41 сағаттан аса жұмыс істейтіндер саны қысқарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл екінші тоқсанда елімізде 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылған, бұл былтырға қарағанда, 0,3 пайызға артық. Жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі стандарт кесте бойынша, яғни жұмыста аптасында 36-40 сағат жұмыс істеген. Бұл 6,8 миллион адамға сәйкес келеді, былтырға қарағанда, 2,8 пайызға көп.

Биыл екінші тоқсанда аптасына 41 сағаттан аса жұмыс істейтіндер саны 10,7 пайызға, 1,3 миллион адамға қысқарған. Уақытша жұмыспен қамтылмағандардың саны бір жылда 17 пайызға, 157,7 мың адамға артқан.

Қазақстанда орташа жұмыс уақыты аптасына 38 сағат болған. 15 жастағы жұмыспен қамтылғандар үшін көрсеткіш аптасына 12 сағат, 16-24 жас аралығындағы жастар үшін 38 сағат, 25-54 жастағы қазақстандықтар үшін 39 сағат, 55-64 жастағылар үшін 36 сағат, 65 жастан бастап жұмыс істейтін зейнеткерлер үшін 19 сағат болған.

Аптасына 5 сағаттан аз жұмыс істейтін қызметкерлердің көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, көліктер мен мотоциклдерді жөндеу саласына қатысты болған, яғни 544 адам.

Аптасына 41 сағаттан аса жұмыс істейтін жұмысшылардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда және көлік жөндеу саласында, сондай-ақ, құрылыс және көлік-логистика саласында жұмыс істеген. Шамадан тыс жүктелген кестемен жұмыс істейтіндер қатарында өнер, ойын-сауық және демалыс салаларына қатысты адамдар да болған.

Аптасына 36-40 сағаттық стандарт кестесі барлардың көпшілігі сауда, білім беру және агроөнеркәсіп кешенінде, ал аз бөлігі сумен жабдықтау, су бұру және қалдықтарды жою саласында жұмыс істеген.

Мамандықтар бойынша аптасына 5 сағаттан аз жұмыс істейтіндердің көпшілігі басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге (544 адам), техника мамандарына және өзге де көмекші кәсіби қызметкерлерге (500 адам), сондай-ақ, АӨК фермерлері мен жұмысшыларына (313 адам) қатысты болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова