Қайрат Сатыбалдыұлы қылмыстық іс бойынша шығынды қайтарды

Қайрат Сатыбалдыұлы қылмыстық іс бойынша шығынды қайтарды

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот өтіп жатыр. Сотта ол кінәсін мойындап, қылмыстық іс бойынша залалдың орнын толтырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотталушылар орындығында Сатыбалдыұлынан бөлек тағы төрт айыпталушы болған.

"Қоңырбаев, Муравьев, Бекетов және Мұхамеджанұлы сотта кінәсін және мүлік залалын мойындап, медиатив келісім туралы растады", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сот мәліметінше, Сатыбалдыұлы кінәсін толық мойындап, кінәсін мойындау және залал келтіру туралы екі медиатив келісім жасасқан. "Көліктік сервис орталығы" АҚ-ның зардап шегушілеріне 28 миллиард 687 миллион 940 мың 573 теңге залал сомасы толық өтелген. Сотталушыға қатысты орталық шағым білдірмеген. "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты іс бойынша компанияға 12 миллиард 733 миллион 24 мың 439 теңге көлемінде залал өтелген. "Қазақтелеком" да медиатив келісімге сәйкес шағым білдірмеген.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова