Алматы облысында екі әйелді зорлады деген күдікті ұсталды

Алматы облысында екі әйелді зорлады деген күдікті ұсталды
Фото: newsmir.info

Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдер бейтаныс ер адам шабуылдағанын хабарлаған.

Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Екінші оқиғада 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған.

Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткі әсерінен мас күйде болғанын айтқан.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (Зорлау) бойынша тіркелген. Күдікті қамауға алынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова