- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Суық кезде ауырмау...
Суық кезде ауырмау үшін не жеу керек?
"Биотик" деп аяқталатын кез келген өнім дененің микрофлорасына әсер етеді. Адам ішегі, тері мен шырыш қабатында, ауыз қуысында миллиардтаған бактерия өмір сүреді, олар қауіп төндірмейді, ешқандай ауру тудырмайды. Сонымен қатар, бұл микроорганизмдер адам ағзасының иммун қорғанысын жақсартады, тағамды қорытуға көмектеседі, тіпті денеге қажет К дәрумені мен В тобының бір бөлігін синтездейді.
"Биотиктер" сөзіне қосылатын түрлі қосымша көп. Көбіне адамдар про- және пребиотиктер арасындағы айырмашылықты түсіне алмайды, ал кейбірі метабиотиктер немесе синбиотиктер туралы мүлдем естімеді. Эндокринолог, диетолог Анна Сербинамен олардың айырмашылығын айтты, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.
Пребиотиктерден бастайық. Бұл адам ағзасы қорытпайтын, аш және тоқ ішекте қорытылмай қалған тағамның түрлі компоненттері. Олар біз үшін балласт, бірақ ағзадағы бактериялар үшін жақсы. Олар көбейіп, адамның өз игілігі үшін белсенді жұмыс істейді, микробтардан арылтып, витаминдер шығарады және иммун жүйесін жақсартуға көмектеседі.
Пробиотиктер - қоршаған ортадан келетін бактериялар. Олар біз үшін қауіпсіз, сонымен қатар, олар микроб тепе-теңдігін сақтауға, ішек микрофлорасының тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі. Танымал пробиотиктер арасында біз мыналарды ажырата аламыз:
Түрлі штамдардың лактобактериялары – L. acidophilus, casei, lactis, rhamnosus және т.б. Олар сүт өнімдерінің құрамында болады - йогурт, сүзбе, сүт коктейльдері.
Түрлі типтегі бифидобактериялар - B. bifidum, breve, B. Adolescents. Олар, сондай-ақ, сүт өнімдеріне және балалар мен ересектерге арналған кейбір тағам қоспаларында болады.
Ауырып қалмас үшін қандай тағам жеу керек?
Доктор Сербинаның айтуынша, табиғи ашытылған сүт өнімдеріне, қоспаларсыз және консерванттарсыз тағам өнімдеріне, қымыз және басқа да ашытылған тағам өнімдеріне назар аударыңыз. Оларда пребиотиктер жеткілікті. Бұл компоненттер күнделікті тағамдар құрамында да болады: пияз және сарымсақ, банан, спаржа, кебек, сұлы және арпа, жаңа піскен және кептірілген жемістер, теңіз балдырлары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек