Әлем көшбасшылары II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Лондонға келді

Әлем көшбасшылары II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Лондонға келді

Әлем көшбасшылары патшайым II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Лондонға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден мен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Ұлыбритания астанасына келген. Жерлеу рәсіміне орай Лондонға 500-ге жуық мемлекет басшысы мен шетелдік мәртебелі мейман келеді деп күтіліп отыр.

Жерлеу рәсіміне Сирия, Ауғанстан, Мьянма, Беларусь және Венесуэла, Ресей елдерінің өкілдері қатыспайды.

II Елизаветамен қоштасу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте кешке аяқталады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова