- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстан шекарасындағы атыс...
Қырғызстан шекарасындағы атыс кезінде 100-ден аса адам жарақат алды
Фото:
ozodi.org
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 2022 жылғы 17 қыркүйекте таңғы сағат 9-да Баткен облысында қарулы қақтығыс салдарынан зардап шеккендердің саны 103 адамға жеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бес зардап шеккен адам амбулаториялық емге жіберілген, қалғандары медициналық ұйымдардан көмек алып жатыр.
24.kg басылымының мәліметі бойынша Бішкекте зардап шеккендерге қан тапсыруға ниет білдірушілер кезекте тұр.
Еске салайық, бұған дейін тәжік әскері қырғыз ауылына оқ жаудырғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова