Тәжік әскері қырғыз ауылына оқ жаудырды

Тәжік әскері қырғыз ауылына оқ жаудырды
Фото: © Sputnik

Атысты тоқтату туралы қол жеткізілген уағдаластыққа қарамастан, тәжік тарапы қырғыз ауылдарына оқ жаудырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Баткен ауданының Достық ауылына тәжік тарапынан минометтен оқ атылған. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі хабарлаған. Тәжік тарапы ауылға үш минометтен тұратын оқ жаудырған.

Айта кетейік, шекарадағы жағдай 16 қыркүйекте таңертең ушығып кеткен еді.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан ДСМ өкілі Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс кезінде 24 адам қаза тапқанын айтқаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова