- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент мандатын неге...
Президент мандатын неге 7 жылға ұзарту ұсынылды?
Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Президентті жеті жылға сайлау туралы өзгеріс не үшін енгізілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.
"Мемлекет басшысы саяси басымдықты болдырмау жөнінде саясат жүргізіп жатыр. Бұл саяси бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі бұл президенттің бағдарламасын іске асыру және жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті мерзім деп санаймыз. Сондықтан осы норма заң жобасына енгізілген", - деп түсіндірді Қанат Мусин.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Сонымен қатар, президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина