- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қызылордада балалар отырған...
Қызылордада балалар отырған көлік апатқа ұшырады

Қызылорда қаласында балабақша сәбилері мінген жеңіл көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты 15 қыркүйекте Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан "Болашақ" университетінің маңындағы жол қиылысында болған.
"Оқиға барысында Honda Odyssey және Hyundai Santa f көліктері соқтығысып қалған. Honda Odyssey көлігі қаладағы балабақшаның біріне тиесілі. Осы көлікке мінген балаларға облыстық көпсалалы балалар ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындалды", - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова