Талғарда оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

Талғарда оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

Әлеуметтік желіде төбелескен оқушылардың бірін зембілмен алып бара жатқан жедел жәрдем қызметкерлерінің видеосы тарады,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео авторы Талғар қаласындағы №2 мектепте жоғары сынып оқушылары арасында төбелес болғанын айтады. 

Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдардың бірі мектеп аумағындағы дәретхана жанында төбелесіп жатқандарды тоқтатуға тырысып, дауыс көтерген. Бірақ айқайына ешкім құлақ аспаған соң оған тас лақтыруға тура келген. Сол кезде бірнеше бала жан-жаққа қаша жөнеледі. Тек жерде бір бала ұзыннан сұлап жатқан. Жедел жәрдемге қоңырау шалуға тура келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талгар ▪️ Талгарский район (@kris_p_talgar_2)

Алматы облыстық Полиция департаменті видеодағы оқиға 15 қыркүйекте Талғар қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің бірінің аумағында болғанын растады.

"Жоғары сыныптың екі оқушысы жанжалдасып, оның арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 2005 жылғы оқушылардың бірі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Аудан полициясында төбелес дерегі тіркелді, осыған байланысты тексеру жұмыстары қолға алынды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова