- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан...
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан зардап шеккендердің саны айтылды
Қырғыз бен тәжік тарапы шекарадағы қарулы қақтығыс кезінде жараланғандардың санын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз тарапының шекарашылары жасалған келісімді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияларды алған Тәжікстаннан келген жасақты анықтаған.
Кейін Баткен облысының Қақ-Сай және Пасқы-Арық аудандарында қақтығыс басталған.
Қырғызстанның шекара қызметі тәжік тарапы Қырғызстанның Достук және Самарқандек деген екі шекара бекетін атқылағанын хабарлады.
"Бұлақ-Башы ауданында болған қарулы қақтығыс салдарынан Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің екі әскери қызметкері зардап шекті. Сондай-ақ шекара заставасының учаскесінде Қырғызстанның екі азаматы зардап шекті.
Кейін Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен азаматтардың саны үш адамға жеткенін мәлімдеді", - делінген хабарламада.
Ал Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі Қырғызстан тарапын қақтығысты бастады деп айыптады.
"14 қыркүйекте сағат 07:15 шамасында Қырғызстан шекарашылары еш себепсіз Тәжікстан шекарашыларына оқ атты. Бұған қоса Қырғызстанның басқа өңірлерінен қосымша әскери күштер мен құралдар келді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова