- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғыз-тәжік шекарасында тағы...
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы қақтығыс болды: бұл жолы миномет қолданылды
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kg.
Министрлік мәліметінше, 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болған. Қырғызстан шекарашылары Тәжікстан шекара отрядын анықтады. Көрші елдің әскери қызметшілері тараптар арасында бұрын қол жеткізілген келісімдерді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияларға шықты.
"Қырғыз әскерінің аумақты тастап кету туалы ескертілген талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғыз Республикасының шекарашылары да қару қолданған. Атыс басталып, тәжік тарапы миномет қолданған. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша, атыс әлі тоқтамады. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Баткен шекара отрядының басшысы аттанды. Шекара қызметінің Баткен облыстық басқармасының басшысы полковник Қыялбек Толонбаев пен Тәжікстан Республикасы Шекара әскерлерінің Соғды облыстық басқармасының басшысы генерал-майор Х.Пиракзода арасында қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсатында телефон арқылы сөйлесті. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр", - деді министрлік өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек