Балаға тарих пен дәстүрді түсінікті тілмен жеткізудің жолы қандай?

Балаға тарих пен дәстүрді түсінікті тілмен жеткізудің жолы қандай?
Фото: Pixabay

Балаларға кішкентай жасынан тарих пен дәстүр туралы айту маңызды. Мұндай бала өз еліне, жеріне жанашыр болып келеді. Бірақ оған тарихты сауатты жеткізуде қиындықтар пайда болуы мүмкін. IBalaqai YouTube-арнасына қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы және киносценарист Зира Наурзбаева балаға тарих пен дәстүрді түсінікті тілмен жеткізудің жолын айтты.

Зерттеушінің айтуынша, заманауи батыс ойшылдары қазір дәстүр мен тарих қолдан жасалатынын алға тартады, тіпті ұлт құрудың құралдары да бар дейді. Ол тарихты әсіресе ұл балаға дұрыс жеткізу маңызды екенін айтады. 

"Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" кітабында Тоғым хан туралы айтылған. Ол Санташта болған шайқаста моғолдың бәрін қырды, бірақ шайқаста өзімен бірге 9 ұлы қаза тапты. Олар отау құрмаған, жасөспірімдер еді. Ешкімнен ұрпақ қалмады. Бұл туралы қазір бір оқулықта айтыла ма?

Қазақта ұлттық элита - шайқас алдында жүретіндер. Балаларымен, немерелерімен елді алға бастайды. Алаш орда қайраткерлері де солай еткен. Мұны кішкентай балаға айтудың керегі жоқ. Балаға әсер етуі мүмкін әрине, бірақ біз бұл туралы айтуымыз керек. Артық кетудің қажеті жоқ. Балаға тарихымыз ерлікке де, қайғыға да, бақытқа да толы екенін айту керек. Тарихымыз артта қалғаны рас. Бірақ Жәңгір ханның арманын, Әлиханның қалауын білу керек. Солай ғана бала елін алға бастауға ұмтылады", - дейді Зира Наурызбаева. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек