"Баскиім - 1,2 миллион, көйлек - 700 мың теңге". Сәнді киінетін қазақ жігіттері

"Баскиім - 1,2 миллион, көйлек - 700 мың теңге". Сәнді киінетін қазақ жігіттері

Сәнді әрі заманауи киіну үшін қымбат брендтерден киім алу шарт емес. Бұл - біздің санамызда қалыптасқан таптаурын. Солардың бірі "қазақ жігіттері сәнді киіне алмайды". Massaget.kz тілшісі бұл таптаурынға қарсы келіп, сәнді киінетін қазақ жігіттерінің топтамасын ұсынады. 

Аян Өтепберген

Актер, режиссер Аян Өтепберген Желіде өзіне тән стилімен ерекшеленеді. Көбіне актер оверсайз, кэжуал стильде киінгенді ұнатады. Аян Өтепберген стиліне өзгеріс енгізуден жалықпайды. Бірде шашын бояйды, бірде бұйралайды. Ол тек киімімен емес, дұрыс таңдалған көзілдірік, аксессуар арқасында сәнді көрінеді. Сондай-ақ, актер adidas брендінің аяқкиімдерін ұнататынын байқауға болады. 

Димаш Әділет

Желіде "жігіт төресі" атанып жүрген Димаш Әділеттің кэжуал стилінде киініп жүргенін күнде көп байқаймыз. Ол керісінше салмақты стильде, көбіне костюммен жүреді. Тіпті спорт киімінің өзі ерекше. Үшінші суреттегі белбеуі Hermes брендінен. Оның құны - 200-300 мың теңге.  

Ал суреттегі баскиімінің құны 1 миллион теңгеден асады. 

Нұрбек Елемес

Dudeontheguitar лақап атымен өнер көрсететін Нұрбек Елемес өзінің образымен бірден көзге түседі. Әртіс өнер жолының басында шашын түрлі түске бояп, ел есінде қалды. Оның сәні де өзі сияқты ерекше. Harper's Bazaar-дың түсіріліміне киген күртешесі Undercover x Cindy Sherman брендінен, оның құны мың доллардан асады. Күнделікті өмірде әртіс отандық qazaqrepublic жейделерін киіп жүргенін байқаймыз. 

Димаш Құдайберген

Тек қазақтың емес, бүкіл әлемнің сүйікті әншісі Димаш Құдайберген сахнаға киетін образын Желідегі парақшаларына жиі салады. Ол кейде бренд атауын жазып, кейде белгілеп кетеді. 

Әнші бірінші суреттегі образын Instаgram-парақшасына салып, суретте @zardozi_fashion @damiani_kazakhstan @saks_almaty @viledkz парақшаларын белгілеген. Бұл брендтердің тауар құны арзан емес. 

Үшінші суретіндегі ақ костюм отандық бренд Shoqansuits-тен. Бұл бренд костюмдері 90-100 мыңнан басталады. 

Ақжан Байбачинов

Желіде қолжетімді бағада сәнді көрінуге болатын образдарды түсіретін Ақжан Байбачинов жастар арасында қазір танымалдыққа ие. Ол көбіне H&M, ZARA, TheNorthFace сынды брендтердің киімдерінен мектепке, оқу орнына, кездесуге баруға болатын түрлі образ жасайды. Оның TikTok-тағы сән видеолары миллионнан аса қаралым жинайды. Сондай-ақ, киімдерді қалай үйлестіруге болатыны туралы кеңес береді. Қазір YouTube-арнасын ашты. 

Ұлықбек Шәріпов

Блогер, кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов көбіне ыңғайлы киінгенді ұнатады. Бірақ ыңғайлы арзан деген сөз емес. Оның бірінші суреттегі AMI жемпірі шамамен 300 мың тұрады, ал Prada көйлегі 700 мың. 

Айта кетейік, бизнесменнің Shoqansuits және Vimana киім дүкендері бар. 

Нұрсұлтан Мағзұмов

Желіде жастарға сәнімен ғана емес, кәсібін құру, өмір сүру стилімен шабыттандыратын блогер, кәсіпкердің бірі Нұрсұлтан Мағзұмов. Ол 2019 жылы Forbes рейтингісіне іліккен. Оның гардеробында түрлі түсті жейделер көп. Instagram-парақшасында кейінгі жариялаған суреттер арасында жейдемен түскендері көп. Жейделердің принттері көп болса, ол образын жақсы үйлестіре алады. 

Alem

Сән туралы сөз қозғағанда 91 тобын айтпай кетуге болмайды. Себебі топтың құрылуынан бастап, олармен стилист Bibotta жұмыс істеді. Қазір жігіттердің сәні ерекше. Мәселен Alem-нің сахнадағы образы мен күнделікті стилі екітүрлі. Күнделікті өмірде әртіс бос, хип-хоп стиліндегі киімдерді киеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек