Тоқаев Әулиекөл аумағын тікұшақпен аралады

Тоқаев Әулиекөл аумағын тікұшақпен аралады
Фото: Видео кадры

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысатыны айтылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек