- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Арманымдағыдай болды!" Төреғали...
"Арманымдағыдай болды!" Төреғали Төреәлінің қарындасына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды
Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі тұрмысқа шыққалы жатыр. Ол Instagram-парақшасында сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Иә дедім. Құттықтуларыңызға рақмет, бәрі менің арманымдағыдай болды!" - деп жазды ол Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желіде жазылған пікірлерге сүйенсек, оған Ернар Мұсабай есімді ер адам ұсыныс жасаған.
Бұл жаңалықты әпкесі Фариза Төреәлі де жазды.
"Қатты қуаныштымын. Сене алар емеспін. Жаным сіңлім. Ең әдемі. Күйеу балам болады енді менде. ...Сондай әдемі ұсыныс. Қастарыңда бола алмағаным өкінішті", - деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Желіде оның оқырмандары қуанышына ортақтасып, жағымды пікірлер жазған. Сондай-ақ, бұл қатарда танымал өнер адамдары да бар.
"Ал құтты болсын, қарындасым-қарлығашым", - деп жазды Нұрболлат Абдуллин.
"Бағың ашылсын", "Бақытты болуға лайықсың", "Бақытты бол! Әйел бақытын тілеймін", "Бақытты бол, Динок! Фаризадай пысық бол, жеңешең сияқты жомарт бол, анашың сияқты ақылды әже бол, қуанып жылап алдым", - дейді пікір білдірушілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова