Қостанайда қару-жарақ дүкенінде шыққан өрт: қаза болғандар саны 4 адамға жетті

Қостанайда қару-жарақ дүкенінде шыққан өрт: қаза болғандар саны 4 адамға жетті
Фото: kstnews.kz

Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі өрт кезінде қаза болғандар саны төрт адамға жетті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Дүкеннің 7 қызметкері зардап шекті, олардың төртеуі қайтыс болды, үшеуін күйік шалып, ауруханаға түсті", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін өрттен екі адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова