Қостанай облысындағы алапат өрт: көлік, пойыз қозғалысы қайта жанданды

Қостанай облысындағы алапат өрт: көлік, пойыз қозғалысы қайта жанданды
Фото: © instagram/ayliekol_qostanai_media

4 қыркүйектегі таңертеңгі деректер бойныша Қостанай облысы Аманқарағай ауылындағы мұнай базасы аумағында және Лесное ауылындағы өрт сөндірілді. Бензин мен дизель отынын сақтайтын құралдар жанбаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ жедел штабына сілтеме жасап.

Аманқарағай ауылы мен Озерное ауылының тұрғын үйлеріндегі өрт оқшауланған, жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындар мен өртсөндірушілер арасында қаза болу және жарақат алу дерегі тіркелмеген.

Жексенбіде жарық кезде әуе барлауының қорытындылары бойынша күштер мен құралдар орман алқабындағы өрт ошақтарын сөндіруге, елді мекендерді қорғауға бағытталатыны хабарланды.

Жағдай жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар Р-36 тасжолында көлік қозғалысы және пойыз қозғалысы толық қалпына келтірілген (№82, 43, 51, 37, 622 пойыздар, барлығы - 908 жолаушы).

Жедел штаб мәліметінше, Қостанай облысында бір уақытта үш табиғи өрт сөндіріледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова