Тоқаев биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды

Тоқаев биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды

Биыл күзде кезектен тыс сайлау өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын.

Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады", - деді Президент. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина